Қазақстанда 25 мамырда қандай маңызды оқиғалар болады

0

Sputnik Қазақстан 25 мамыр мен 17 маусым аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимінде ұйымдастырылады. Біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

25 мамырға жоспарланған шаралар

12.00 — Қазақстанда Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл толуына арналған «Жеңіс бағы» халықаралық акциясы басталады. Алғашқы 75 көшет Нұр-Сұлтан қаласындағы Ботаникалық бақтың аумағында отырғызылады. Акцияға тілек білдірген барлық адам қатыса алады. Телефон: +7 776 828 45 34 +7 776 828 45 35. Пошта: ata.amanaty@gmail.com Instagram: @ata.amanaty.

20.00 – «Жаннат Бақтай онлайнға шақырады» концертінің премьерасы (трансляция «Астана Операның » YouTube арнасында жасалады).

27 мамырға жоспарланған шаралар

15.00 – Орталық коммунациялар қызметінде энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимде энергетика министрлігінің интернет-ресурсында, Facebook, Youtube желілеріндегі ресми аккаунттарында және «Хабар 24» телеарнасында трансляцияланады. Министрге мына нөмірлер арқылы сұрақ қоюға болады: 8(7172) 786862, 786958, 786884, 786887, 786886 немесе a.tazabekova@energo.gov.kz поштасы арқылы. БАҚ өкілдері өз сауалдарын zh.khamitkyzy@energo.gov.kz поштасына жолдауы тиіс.

28 мамырға жоспарланған шаралар

20.00 – «Астана Балет» театрының On Stage/Online жобасы. Театрдың пайда болу тарихы мен оның дәстүріне арналған. Шығарылым қонағы – театрдың жетекші солисі Фархад Буриев «Вальпургиев түні» бір актілі балетіндегі көркем образдар туралы айтады. Дәрісті «Астана Балет» театрының Youtube-каналынан қарауға болады.

11 маусымға жоспарланған шаралар

11.00 – ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа есеп беру кездесуін өткізеді. Сұрақтар мен ұсыныстарды «Ашық диалог» порталындағы министрдің блогына жіберуге болады; WhatsApp нөмірі: +7 (777) 433 27 04; электронды мекен-жайы: suraq@mdai.gov.kz (Онлайн-трансляция министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында өткізіледі).

17 маусымға жоспарланған шаралар

15.00 – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу «Хабар 24» телеарнасында онлайн режимінде өтеді; тікелей эфирді Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook және YouTube арнасынан көруге болады. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналарын қолдана отырып жолдай аласыз: министрдің «Ашық диалог» порталындағы блогы; министрліктің ресми сайтындағы «Сұрақ-жауап» онлайн-қабылдау; электронды мекенжай: ask@mti.gov.kz; министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы. «Есеп беру кездесуі үшін» деген белгі жасау керек. Сұрақтарды қарап, оларға сапалы және сенімді ақпарат дайындау үшін уақыт қажет, сондықтан, сұрақты 10 маусымға дейін жіберу ұсынылады. Анықтама үшін телефон: 74 98 97, 8 (701) 701 01 34.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz