Соңғы жаңалықтар: Қазақстанда тағы 403 адам коронавирус жұқтырды, өсім
Қазақстанда коронавирус инфекциясы анықталғандар саны 8 322 адамға жетті, оның ішінде 4 214 адам емделіп шықты
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 403 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, өсім 5,1% құрады, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
- Алматы қаласы – 97 (4,7%)
- Қарағанды облысы – 90 (19,1%)
- Нұр-Сұлтан қаласы – 58 (3,8%)
- Шымкент қаласы – 33 (5,7%)
- Түркістан облысы – 33 (11,8%)
- Атырау облысы – 22 (2,6%)
- Ақтөбе облысы – 18 (7,1%)
- Батыс Қазақстан облысы – 16 (4,3%)
- Жамбыл облысы – 10 (4,0%)
- Алматы облысы – 6 (2,2%)
- Солтүстік Қазақстан облысы – 6 (15,0%)
- Қызылорда облысы – 5 (1,8%)
- Қостанай облысы – 5 (4,3%)
- Маңғыстау облысы – 2 (1,2%)
- Шығыс Қазақстан облысы – 2 (3,3%)
Министрліктің мәліметіне сәйкес, өткен тәулікте 118 адам емделіп шыққан.
Жалпы, ел бойынша ауырғандар саны — 8 322, емделіп шыққандар — 4 214, кайтыс болғандар — 35.
sputniknews.kz