Димаш Құдайберген 26 жасқа толды — Қазақстан жаңалықтары

0

Бүгін қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 26 жасқа толды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш

Димаш Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20: 00-де Instagram-да тікелей эфирге шығуға, ал сағат 22:00-де YouTube-те жанкүйерлермен сөйлесіп, құттықтауларды қабылдауға уәде берді.

Сонымен қатар, «Хабар» телеарнасында сағат 16:45-те Dimash SHOW деректі фильмінің премьерасы болып, көрсетіледі.

Әнші Instagram-дағы парақшасында ата-анасын құттықтады.

«Сонымен, менің 26 жасым келді. Ата-анамды туған күніммен құттықтаймын», — деп жазды Димаш.

Әншіні туған күнімен әлеуметтік желілерде өнердегі әріптестері, жанкүйерлері толассыз құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

«Алты құрлыққа алты АЛАШтың атын аспандатқан ардақты ұл, туған күніңмен! Әуен көгінде әуелей бер, әлем әншісі», — деп тілегін білдірді әнші Сәкен Майғазиев.

Димаштың әлем бойынша жанкүйерлер тобы — «Dears» оны туған күнімен жарысып құттықтап жатыр. 

«Туған күнің құтты болсын! Әндеріңмен әлемді тамсандыра бер! «

«Өмірің шаттық пен қуанышқа толы болсын!»

«Абыройлы бол, АқДимаш!», — деп жазды олар.

 



stan.kz