Петропавлда хайп қуған жігіт көліктің терезесін шағып тастады — Қазақстан жаңалықтары

0

Петропавлда хайп жасамақшы болып, бейтаныс адамның көлігінің терезесін сындырып тастаған пракнкер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

пранкер

Желілерде қала базарларының бірінде “Chevrolet TrailBlazer” автокөлігінің алдыңғы әйнегін сындырып жатқан жас жігіттің фотосы пайда болған. 20 жастағы қала тұрғыны хайп жасамақшы болып, көліктің терезесін шағып тастаған. 

Қазіргі таңда кінәлі азаматтың үстіне әкімшілік іс қозғалған. 

«Ұсақ бұзақылық фактісі ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 2-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік материал жиналды. Бұл бап санкциясында 15 тәулікке дейін бас бостандығынан айыру көзделген», -деді Петропавл қалалық полиция басқармасының  басшысының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин..

Кінәлі азамат 15 күнге қамалыпты. 
 

stan.kz