«Теңізшевройл» бас санитарлық дәрігердің кен орнын жабу туралы мәлімдемесіне жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

«Теңізшевройл» бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың коронавирусқа байланысты кен орнын жабу мүмкіндігі туралы мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  «Ақ Жайық»  басылымына сілтеме жасап.

Теңізшевройл

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) өндірістік қызметін үзіліссіз жүргізуді жалғастырып жатыр. Компания бұрынғыдай өндірістік қызметтің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге назар аударып отыр.

«ККЖ-ПУУД жобасының орындалу барысы көрсеткіші 77 пайызды құрайды және ТШО жобаны іске асырудың «сындарлы жолы» негізгі жұмыстарын қауіпсіз орындауға бағытталған іс — қимылдарды қабылдайды», — деп атап өтті ТШО-да.

Бұған дейін бас мемлекеттік санитарлық дәрігер COVID-19 коронавирусын жұқтыру жағдайларының өсуіне байланысты Теңіз кен орнын жабу мүмкіндігі туралы мәлімдеген болатын.

«Теңіз кен орнында ауру деңгейінің өскенін ескере отырып, Атырау облысына үкіметтік комиссия жіберілді, оны тексеру нәтижесінде Теңіз кен орнында сырқаттанушылықты төмендету мәселелеріне бағытталған кен орнында жұмыс жүргізу жоспары мен кестесі қабылданды. Қазіргі уақытта осы жоспар-кестенің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету қажет. Әйтпесе, бұл науқастар санының артуына, кәсіпорынның оқшаулануына және табиғи немесе мәжбүрлі жабылуына әкеп соқтыруы мүмкін», — деді Айжан Есмағамбетова.

Бүгінде Теңіз кен орнында коронавирус жұқтырғандардың саны 730 адамға жетті. Соңғы мәліметтер бойынша, коронавирус 24 вахталық қалашықта тұрған 42 компанияда анықталған.

Инфекциялық стационарда 241 адам емделеді. Мұнда тағы да 80 төсекке арналған қосымша жұқпалы аурулар блогын ашу жоспарланып жатыр.

stan.kz