Трамп коронавирусқа қарсы қандай препарат қолданып жүргенін айтты — Қазақстан жаңалықтары
Дональд Трамп Ақ үйде өткен брифингте коронавирустық инфекцияны жұқтыруды алдын алуда гидрокихлорохинді қабылдай бастағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме беріп.
Хлорокин және оның туындысы, гидроксиxлорохин малярия мен қызыл жегі ауруы кезінде қолданылады.
«Мен оны шамамен бір жарым апта бойы қабылдадым және әлі сіздермен біргемін», — деді Трамп.
Гидроксихлорокиннің коронавирустық инфекцияны алдын алуда тиімді екендігі туралы ешқандай дәлел жоқ, дегенмен клиникалық зерттеулер АҚШ, Ұлыбритания, Испания және Қытайда жүргізіліп жатыр.
Трамптан дәрінің тиімділігі туралы сұрағанда, ол: «Менің дәлелдерім, бұл жайында көп оң пікір алдым», — деп айтқан.
Трамп осыған дейін бірнеше рет гидроксихлорокинді қолдануға шақырған, бұл препаратты Covid-19 жұқтырған науқастармен жұмыс істейтін дәрігерлер қабылдағанын атап өткен.
«Сіз оны қанша адам қабылдайтынын білсеңіз, таңғалар едіңіз, әсіресе эпидемияға қарсы жұмыс істейтіндер бұл препаратты қолданады», — деді ол журналистерге.
АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы (FDA) сәуірде коронавирусқа қарсы гидроксихлорохиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы ешқандай дәлел жоқ деген ұсыныс жасады.
stan.kz