Ерлі-зайыпты жоғалып кеткен баласын 30 жылдан кейін тапты — Қазақстан жаңалықтары
Қытайлық ерлі-зайыпты заманауи адам келбетін анықтайтын технологияның көмегімен жоғалып кеткен балаларын 30 жылдан кейін тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.
Мао Инь екі жаста болғанда жоғалып кетіпті. Балабақшадан әкесімен келе жатқан кезде әлдекімдер қараусыз қалған баланы ұрлап кеткен.
Қайғыдан қан жұтқан қытайлық жұп балаларын бүкіл Қытай аумағынан іздеп таба алмаған.
32 жыл өткен соң Қытайдың қоғамдық қорғаныс министрлігі 34 жастағы Мао Иньді туған әке-шешесімен кездестіріпті.
«Мен бізге көмектескен он мыңнан астам азаматқа алғыс білдіргім келеді», — деді табылған баланың анасы Цзинчжи Ли.
Қытайлық БАҚ мәліметіне сенсек, Сычуань провинциясында әлдебір отбасы бірнеше жыл бұрын бағып алған ер азамат туралы хабар полицияға келіп түсіпті. Жүргізілген ДНК сынамасынан кейін оның отыз жыл бұрын жоғалып кетке Мао Инь екені анықталыпты.
Полиция өкілдері Мао Иньді заманауи технологияның көмекгімен тапқандарын айтады. Сөздерінше, олар баланың жас кезіндегі суретін арнайы бағдарламаның көмегі арқылы ересек ер азаматтың келбетіне сәйкестендіріп жасап іздестірген. Бұған қоса баланы тапқан тәртіп сақшылары бүлдіршіннің 6 мың юаньға (шамамен 355 мың теңге) сатылып кеткенін анықтапты.
Қазіргі таңда Мао Иньннің жоғалуына байланысты қылмыстық іс әлі де жалғасуда екен.
Атап кетерлік жайт, Қытайда бала саудасы бірнеше он жылдық бойы түйіткілді мәселе болып тұр. Baby Come Back Home қытайлық ұйымның сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, 14893 ұл бала мен 7411 қыз бала із-түссіз жоғалып кеткен.
2015 жылы Қытай полицейлері жоғалып кеткен 20 мың бала туралы мәлімдеген.
stan.kz