Алматыда COVID-19 табылған науқастардың жартысынан көбі емделіп шықты

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Алматыда 20 мамырда 55 адам коронавирустан айығып шықты, ішінде 28 медицина қызметкері, 1,5 жастан 16 жасқа дейінгі 10 бала, сондай-ақ үш зейнеткер бар

АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Алматыда мыңнан аса адам коронавирустан жазылды. Бұл жайында қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Мегаполисте пандемия басталғалы бері 1 966 адамның инфекция жұқтырғаны анықталды.

«Қалада пандемия басталғалы бері қауіпті індеттен 1 092 науқас сауығып шықты,  бұл 56%-ті құрайды», – деді Әбілдаев.

20 мамырда 55 адам қауіпті індеттен жазылып шықты: 28  медицина қызметкері, 1,5 жас пен 16 жасқа дейінгі 10 бала, 1947, 1949 және 1952 жылдары туған үш зейнеткер және қалғаны орта жастағы азаматтар.

Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, 21 мамырда Алматыда Covid-19 инфекциясын жұқтырған жаңа 57 жағдай тіркелді, оның төртеуі өздігінен тексерілуге жүгінген. Профилактикалық тексеру кезінде 14 адамнан инфекция анықталды, қалған науқастар бұған дейін карантинде болғандар.

«Қазір қалалық жұқпалы аурулар стационарында коронавирус инфекциясынан 864 науқас ем-дом қабылдап жатыр, ішінде 30 бала бар. Екі науқастың жағдайы өте ауыр, 22 адам ауыр жағдайда жатыр, 240 науқаста ауырлықтың орташа дәрежесі, ал қалған науқастың денсаулығы қанағаттанарлық», – деді Әбілдаев.

Провизорлық госпитальда 196 адам бар. Бұдан өзге 266 адам карантиндік оқшаулауда және 13 299 азамат үй карантинінде жатыр.

Қазақстанда 7 234 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, оның ішінде 3 777 адам сауығып шықты, 35 науқас қайтыс болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз