Коронавирусқа шалдықпайтын адамдар анықталды — Қазақстан жаңалықтары
Коронавирустықа шалдықпайтын адамдар анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Nature журналында жазылыпты.
2003 жылы атипиялық өкпе қабынуын жұқтырып, емделіп шыққандардың коронавирусқа шалдықпайтыны белгілі болды.
Ғалымдар SARS-CoV вирусын бұрын жұқтырған адамдардың денесінде түрлі антиденелер түзілетінін айтады. Өз кезегінде бұл антиденелер ағзаны коронавирустың жаңа түрінен қорғайтын көрінеді.
Бұған қоса зерттеушілер S309 антиденесі SARS-CoV-2 вирусын белсенді түрде бейтараптандыратын қасиетке ие екенін анықтапты. Яғни ауыр респираторлы синдромына шалдыққандар коронавирусқа төтеп бере алады екен.
Мамандар бұл зерттеу нәтижесі COVID-19-ды емдеу барысында қолдануға болатынын айтады. Алдағы уақытта олар бойында коронавирусқа қарсы антидене табылған адамдардың плазмасын жағдайы ауыр науқастарға құю арқылы емдемекші
stan.kz