Қазақстанның тұңғыш ішкі істер министрі қайтыс болды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Тәуелсіз Қазақстанның бірінші ішкі істер министрі болған генерал Владимир Шумов 18 мамыр күні 80 жасқа қараған шағында дүниеден озды

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш ішкі істер министрі Владимир Шумов Мәскеуде қайтыс болды. Ол 79 жаста еді.

Генерал Шумов бұл қызметте 1994 жылға дейін жұмыс істеді.

Шумовтың өмірден озғаны туралы генералдар кеңесі хабарлады.

«Ішкі істер министрлігі, ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық ұйымы Қазақстан мен Ресейдің саяси қайраткері, экс-министр, құрметті ардагер және Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері, генерал-полковник Шумов Владимир Георгиевичтің қайтыс болғаны туралы хабарды қайғыра қабылдады», — деп хабарлады Қазақстан ІІМ баспасөз қызметі.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Владимир Шумовтың отбасына көңіл айтты.

Генерал Владимир Шумов туралы

Владимир Шумов 1941 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Төменгі Машат ауылында дүниеге келген. КСРО ІІМ Қарағанды ​​жоғары мектебін және Ресей ІІМ академиясын бітірді. Мамандығы бойынша – заңгер-құқықтанушы.

Владимир Шумов 1992 жылдың сәуірінен 1994 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстанның ішкі істер министрі қызметін атқарды. Ол сонымен қатар Ресей президенті әкімшілігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Ерлік, Құрмет және Достық ордендерімен марапатталған.  



sputniknews.kz