шындық, есте сақтау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер

0
Абай үйінде отырып, өзінің досы Бегештен:
— Дауасыз не? Арзан не, қымбат не? — деп сұрапты. Бегеш оған:
— Дауасыз — кәрілік; арзан — өтірік; қымбат — шындық,- деп жауап береді.
Абай Құнанбайұлы

Платон менің досым, бірақ шындық қымбатырақ
Аристотель

Маған достық та, шындық та қымбат. Дегенмен әрқашан шындықты бірінші орынға қоямын.
Аристотель

Менің әзілдеу тәсілім — бұл, шындықты айту. Бұдан күлкілі нәрсе жоқ шығар бұл өмірде.
Бернард Шоу

Шындық – суреткердің ұлы міндеті.
Бауыржан Момышұлы

Біздің нақты болмысымыз – шындық.
Бауыржан Момышұлы

Шындық ақиқатты түсіндіруші.
Бауыржан Момышұлы

Шындық – бұл ерлікке тәрбиелеудегі ең бір құнарлы құрал.
Бауыржан Момышұлы

Халқымызды жетерліктей тәттімен тойдырдық. Бұдан асқазанның құртылғаны соншалықты, тек ащы дәрмектер пен шындық қана ем бола алады.
Михаил Лермонтов

Адам баласы шындықтан өлердей қорқып, өтірігінің ашылып қалуынан сақтанып жүрсе, бұдан артық бақытсыздық жоқ.
Блез Паскаль

Қателесуде шындықтың үлесі болса, ол қауіп тудырады.
Адам Смит

Өзгелердің пікірі сіз үшін шындыққа айналмауы тиіс.
Лес Браун

Жалада шындық болмайды
Дінмұхамед Қонаев

Шындық дәмі, ащы бірақ денсаулыққа пайдалы сусынды еске салады.
Оноре де Бальзак

Ақиқат маңызды емес, адамдардың ақиқат деп білетін нәрсесі маңызды
Пол Уотсон

Қызғаншақтар үнемі дүрбімен қарайды, ол кішкентай нәрсенің үлкен нәрсеге, ергежейлілерді — алыптарға, жорамалды — шындыққа айналдырады.
Мигель де Сервантес

Қателесуде шындықтың үлесі болса, ол қауіп тудырады.
Адам Смит

Қиқым — сиқым шындықтан артықтау өтірік марапат.
Александр Пушкин

Егер айтатын сөзің болмаса, шындықты айт.
Марк Твен

Әр адамның өз шындығы бар.
Роберт Де Ниро

«Өлі адамдар туралы не жақсы, не жаман ой айтылады» деген сөз бар. Бірақ мен онымен келіспеймін. Өйткені өлі адам туралы болса да, тірі адам туралы болса да тек шындықты айтқан дұрыс.
Агата Кристи

Батыр бейнесі адамзат үшін өмірдегі ұлылыққа, шындыққа және адамгершілікке деген биік сенімді орнықтырады.
Виссарион Белинский

Билік айтсаң — түзу кес, адалын айт.
Тиянақ көрме жалғанды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Шын көңілден айтылған тілекке — шындықпен жауап беру парыз.
Мұхтар Әуезов

Ер жігіт шешен болып, малсыз қалса,
Рас деп, айтқан сөзің шын болмайды.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Дүниеде шындықтан күлкілі әзіл жоқ.
Мұхаммед Әли

Даналық дегеніміз — шындық.
Иоганн Вольфганг фон Гёте

Сөзі мен ісіне айырма салғандар – шындығын жоғалтып алғандар.
Мұхтар Шаханов

Егер шындық біреу болғанда, мен бір тақырып төңірегінде жүздеген сурет сала алмас едім.
Пабло Пикассо

Сын шын болсын, шын сын болсын.
Мұхтар Әуезов

Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ,
Өтірікке шындықтың қайраны жоқ,
Шындық айттым осылай шырқыраған,
Құл Қожа — Ахмет сөзінің жалғаны жоқ.
Қожа Ахмет Йассауи

Шындықты ақтарыла айту — қиынның қиыны.
Шерхан Мұртаза

Шындық — ащы һәм ажарсыз.
Шерхан Мұртаза

Шындыққа өлім жоқ.
Көзбен көрген — шын, құлақпен естіген — өтірік.
Жиренше шешен

Өтірік пен шынның арасы — төрт — ақ елі.
Жиренше шешен

Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық.
Бауыржан Момышұлы

Шындықтың наданның табанының астында шырылдап жатқанын көргенде, немкетті сезімнің де дәті шыдамайды екен.
Олжас Сүлейменов

Жағымпаздық бұл заманда басты өнер,
Шындық оған бола алмай жүр тас кемер.
Қазіргі бақ қайсар рухты ерді емес,
Арын сатқан жағымпазды ескерер.
Мұхтар Шаханов

Көп сөйлеген мылжың шын сөзді аз айтады.
Ыбырай Алтынсарин

Шындық дауысы құлаққа жағымсыз.
Лао – цзы

Жалған сөз – ауру, шаншудай,
Әділ сөз – шипа, жанға жай.
Иүгінеки Ахмед

Егер үнемі шындықты ғана айтатын болсаңыз, сізге ештеңені есте сақтап жүрудің қажеті жоқ.
Марк Твен