Қарағандыда Жастар жылы бастау алды

0
01 Желтоқсан 2018, 16:17 105 0

Астана, BAQ.KZ. Қарағандыда ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы және жалынды жастар» атты жастар форумы басталды. Шараға осы салада жетістікке жеткен қаланың Құрметті азаматтары, Елбасының замандастары және кәсіпкерлер арнайы шақырылды.

Мерекелік концертке Arizona би ансамблі, музыканттары президенттік оркестр құрамына кіретін Baizhan group вокалдық-аспаптық квартет секілді астаналық ұжымдар қатысты.

Форумға қатысушылар елімізде Президенттің бастамасымен жүргізілетін Жастар жылының басталуын жариялап, Қарағандылықтар #NURQADAM_KRG хэштегін іске қосты.

Бұл атаумен жастар түрлі салалардағы жетістіктері, жеңістері жайлы жазған мақалалары мен жазбаларын жариялайтын болады. Акция қорытындысы 2019 жылдың 1 желтоқсанында жасалады.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ