«Бойжеткенді шашынан ұстап сүйреді»: Қостанайда тараған видео кейіпкері қыз емес, жігіт болып шықты — Қазақстан жаңалықтары
Видео жарияланғаннан кейін полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 252-бабы, «Жеке күзет қызметі қызметкерлерінің өкілеттіктерін асыра пайдалану» 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталуын қарастыруда.
13 мамырда сағат 16:00 шамасында Абай-Быковский көшесінде орналасқан жанармай құю бекетінде бойжеткен терезелерді сындырып, жақын маңда асфальт төсеген жұмысшыларға шабуыл жасайды.
Жанармай құю бекетінің операторы дабыл түймесін басып, оқиға орнына «Арыстан» жедел әрекет ету тобы келді. Қызды ұстамақ болғанда, ол күзетшілерді ұрып-соғып, біреуінің бетіне тырнап, екіншісі құлағын жыртып жіберді. Қыз оңтүстік полиция бөліміне жеткізілді. Сәйкестендіру рәсімі барысында қыздың 1988 жылы туған, елордадан келген жігіт екені белгілі болды.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, екі күзетші мен бір жұмысшы полицияға шағым жазған.
Айта кетейік күзетшілердің бойжеткенді шашынан ұстап сүйреп көлікке отырғызып жатқан видеосы желіде тараған еді.
stan.kz