Еліміздің бас санитар дәрігері кейбір қалаларда әуе қатынасының іске қосылмау себебін түсіндірді — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова әуе қатынасын қайта іске қоcуға қандай жағдайда рұқсат берілмейтіні жайлы айтып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздің бас санитар дәрігері Шымкент қаласында коронавирустың өсімі 3%-дан жоғары болмаса да ұшақ рейстері неліктен әлі жанданбады деген сұраққа жауап берді.
«Қазір Шымкент пен Орал қалаларын және Атырау, Батыс Қазақстан облыстарын есептемегенде Қазақстанның бірқатар аймақтарында әуе қатынасы қайта іске қосылды. Шымкентте аурудың таралуы деңгейі 7%-дан төмен болып отыр. Бірақ бізді ауруханаға өздері келіп, індетті жұқтырғандардың айтып жатқандарың көптігі алаңдатады», — деді Есмағамбетова.
Бұған қоса ол ауру жұқтырғандардың үш деңгейін атап айтты.
«Коронавирусқа шалдыққандардың үш деңгейі бар. Біріншісі — біз профилактикалық жұмыстар жүргізу арқылы анықтаған науқастар. Екіншісі — ауруды сырттан жұқтырып келгендер. Үшіншісі — аурудың белгілеріне алаңдап, ауруханаға өздері келетіндер. Эпидемиялогиялық тұрғыдан бұл өте маңызды дүние. Сол себепті кейбір аймақтар әуе қатынасын қайта іске қосуға шектеу әрі бар. Әр аймақтың жағдайына байланысты шаралар қабылданатын болады», — деп қосты ол.
Еске салайық, бұған дейін еліміздің бірқатар қалаларында ұшақ қатынасы қайта жандғаны жайлы айтылған болатын.
stan.kz