Қытайдың Ухань қаласында коронавирус жұқтырған науқас тіркелді — Қазақстан жаңалықтары

0

Коронавирус індетінің эпицентрі болған Ухань қаласында біраздан бері вирус жұқтырған науқас тіркелмеген еді. Алайда өткен сенбіде СОVID-19 инфекциясын жұқтырған бір науқас анықталды. Бұл туралы Хубэй провинциясының денсаулық сақтау ісі жөніндегі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

covid

«Тұтастай алғанда, өткен тәулікте Қытайда коронавирусты жұқтырудың 14 жаңа оқиғасы анықталды, СОVID-19 байланысты бірде — бір өлім оқиғасы тіркелген жоқ», — деп хабарлайды ҚХР денсаулық сақтау ісі жөніндегі мемлекеттік комитеті.

Коронавирусты жұқтырған 14 науқастың 12 – і жергілікті (Цзилинь – 11, Хубэй – 1 провинциясы), екеуі — шет елден жұқтырып келген (Шанхай).

Коронавирусты симптомсыз 20 науқас жұқтырған, оның біреуі – «импортталған». Эпидемия шыққан сәттен бастап Қытайда COVID-19 диагноз қойылған жалпы саны 82 901 адамды құрайды, ауруханадан шыққан және сауығып кеткендердің саны-78 120 адам, өлім-жітім көрсеткіші-4633. Ел ауруханаларында коронавирустан 148 адам емдеу курсынан өтіп жатыр,13 пациенттің жағдайы ауыр деп бағаланады.

 

stan.kz