Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған әйел дені сау сәби босанды

0

Дәрігерлердің айтуынша, ана мен баланың жағдайы қазір жақсы, коронавирусқа тапсырған тест теріс нәтиже көрсеткен

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Бұған дейін коронавирус табылған пациент жуырда дертінен айығып, 9 мамыр қарсаңында дені сау сәбиді дүниеге әкелді.

«Әйел босанғанға дейін екі күн бұрын Covid-19 нәтижесі теріс болғанына қарамастан, баланың құрсақта коронавирус жұқтырып алу қаупі болды. №1 көпсалалы қалалық аурухананың акушерлік блогының бригадасы гинеколог-дәрігер Владимир Калашников, неонатолог-дәрігер Татьяна Евтюшкина және акушер Гаухар Дүйсенбаева, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері екі адамның өмірі үшін күресті», – деп хабарлады елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің дені сау, COVID-19 тестінің нәтижесі теріс.

Ана мен бала қазір өздерін жақсы сезінеді, деп нақтылады басқармадан. Бұл елорда тұрғынының үшінші баласы.

10 мамырдағы жағдай бойынша астанада 1049 адам вирус жұқтырды. 369 пациент емделіп шықты, үш адам қайтыс болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз