Карантиннің кесірінен туберкулез 1,4 миллионнан астам адамның өмірін қияды — сарапшылар — Қазақстан жаңалықтары

0

Коронавирусқа байланысты жарияланған карантиннің себебінен әлемде 1,4 миллион адам туберкулез дертінен көз жұмуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

вакцина

Мұндай мәліметтерді Лондонның Империялық колледжінің және Джонс Хопкинс университетінің ғалымдары жариялады. 

Сарапшылар COVID-19 тіркелген мемлекеттерде туберкулез дертімен қалай күресіп жатқаны туралы деректерді жинап зерттеу жүргізген. Олар 2020-2025 жылдар аралығында қатерлі дертке 6,3 милионнан астам адам шалдығады деп болжап отыр. А олардың 1,4 миллионға жуығы карантин шараларының кесірінен дер кезінде ем ала алмай көз жұмып кетуі әбден мүмкін. 

Зерттеуге қатысқан «Тубекеркулезді тоқтатайық» серіктестігінің директоры Лючици Дициудың сөзінше, қазіргі таңда дәрігерлер коронавирус індетінен басқа ауруларды ұмытып кеткен сыңайлы. 

«100 жыл бойы туберкулезге қарсы тек екі-үш вакцина дайындалып шықты, ал пайда болғанына 120 күн болған COVID-19-ға қарсы жүздеген екпе жасалуда», — дейді ол. 

Бұған қоса ол қазіргі таңда мемлекеттердің медицина жүйесінің әрекетіне қатты наразы екендігін жеткізді. 
 

stan.kz