«20 мың салсаң, 80 мың теңге аласың»: Қазақстандықтар енді WhatsApp алаяқтарының құрбанына айналуда – Қазақстан жаңалықтары

0
52

Қазақстанда алаяқтар халықты алдаудың тағы бір тәсілін тапқан. Бұл жолы олар мессенджерлер арқылы «Ақшаңды төрт еселеу», «Тез табысқа жету» сынды чаттар ашып аңқау адамдарды өз қармақтарына түсіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

алаятар

«Түк жоқ. Жиырма төртінші желтоқсанда 20 мың салғанмын. Түбіртегі қолымда. Сендім де, салып жібердім. Чатқа жаздым да, талай жеріне, қарағым ау, сонда мына халықты, қарт адамдарды алдай беруге рұқсат па? Бұл қалай?!» – дейді жапа шеккен зейнеткер.

Ол секілді алданғандар саны көп. Ең сорақысы, олар өздері алданғанымен қоймай, ақшаларын кері қайтару үшін өздерінің жақындарын да өздерімен бірге тартуға тырысыды.

Заңды рұқсаттары жоқ мұндай желідегі топ басшыларының әрекеттері қаржы пирамидалардың жұмысына ұқсайды. Әрбір жаңадан қосылған адам өзімен бірге төрт адам алып келуі тиіс. Алайда олардың тек алдыңғылары ғана ақшаға кенеліп, қалғандары бармақ шайнап қалады.

«Қаржы дағдарысы басталған кезде елдің, халықтың жағдайы нашарлай бастаған кезде, бұндай алаяқтық жолмен ақша табатын азаматтардың қатары артады. Сондықтан да енді бірден айту керек, бұл жерде түсінікті жағдай, ақшаны беріп жатқан кезде, ол «екі есе, үш есе қайтарып береміз» деген сөз болса, демек, одан міндетті түрде сақтанған дұрыс», – экономист Мақсат Халық.

Құқық қорғаушы органдары осындай чаттарды қадағалауға кіріскеніндерін айтады. Кінәлі деп табылғандар міндетті түрде жазаланады деп сендірді олар.

stan.kz