Белгілі бизнесмен Зейнолла Кәкімжанов карантин режимін бұзғаны үшін жауапқа тартылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда белгілі бизнесмен Зейнолла Кәкімжанов карантин кезінде велошеруге қатысқаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

27000 теңге айыппұл төлеген бұрынғы шенеунік-қаржігер сотта төтенше жағдай талаптарын ескермей, 25 сәуір күні велошеруге қатысқанын мойындады.

Кәсіпкер карантин шектеулеріне қарамастан ешқандай рұқсат қағазынсыз Алматы көшелерінде емін-еркін жүріп өткен. Полиция қызметкерлері Зейнолла Кәкімжановпен велошеруге қатысқан тағы екі азаматты Алатау ауданындағы индустриалдық аймақта ұстаған.

Кейін белгілі болғандай ол велошеруге ұлын да ертіп алыпты. Кәмелет жасына толмағандықтан бизнесменнің баласы жауапкершілікке тартылмай, тек ескертумен шектелді.

stan.kz