Қазақстанның оңтүстігінде тағы бір ауылда үйлерді су басты

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Ленгер өзенінде су деңгейі көтеріліп, арнасынан тасып, салдарынан үйлер мен аулалар су астында қалды

НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр – Sputnik. Түркістан облысы Төле би ауданы Леңгір ауылында үйлерді су басып, газ құбырына зақым келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

ТЖК баспасөз қызметінің ақпаратынша, төтенше жағдай 6 мамыр кешке болған.

«Жауын-шашынның мол түсуіне байланысты Ленгер өзенінде су деңгейі көтерілген. Салдарынан өзен арнасынан тасып, екі жекеменшік тұрғын үйді, 25 ауланы су басты. Орташа қысымдағы екі газ құбырына зақым келді, жеке сектордың 83 абоненті газсыз қалды», — деп мәлімдеді ведомстводан.


©
Photo : КЧС МВД РК

Леңгір ауылындағы төтенше жағдай

Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдай департаменті және «Қазселқорғау» күшімен су басқа жаққа бұрылды.


©
Photo : КЧС МВД РК

Төтенше жағдай салдарынан екі жекеменшік тұрғын үй мен 25 аула су астында қалды

Сондай-ақ, ұзындығы 57 метр жағаны нығайту жұмыстары жүргізіліп, 350 текше метр су сорылды.

Апатты-құтқару жұмыстарына ТЖ департаменті, Қазселқорғау және жергілікті атқарушы органдардың 126 қызметкері, 31 техникасы және 14 мотопомпа жұмылдырылған.



sputniknews.kz