42500 теңге: Еңбек министрлігі екінші айдағы төлем туралы айтты — Қазақстан жаңалықтары
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқан қазақстандықтарға екінші ай үшін 42500 теңге төлеу ережесін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Төтенше жағдай кезінде кірістің жоғалуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін екінші төлем үшін азаматтар ағымдағы жылдың 16 сәуіріне дейін тағайындау туралы өтініш бере алады», — делінген министрлік хабарламасында.
Төтенше жағдай режимі 16 наурызда енгізілген еді. Төлемді есептеу үшін бірінші ай — 16 наурыз бен 15 сәуір аралығын қамтиды. Төтенше жағдай бойынша екінші ай ретінде — 16 сәуірден 11 мамырға дейінгі аралық есептеледі.
«Осыған байланысты 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар (әлеуметтік жәрдемақы тағайындау қашан жасалғанына қарамастан) төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 42500 теңге төлеміне екінші айда үміткер бола алады», — делінген хабарламада.
stan.kz