Батыс Қазақстанда блок бекетте «Газель» жүргізушісі полицияны қағып кетті – видео

0
22

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші мас болмаған, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды

АЛМАТЫ, 7 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында «Газель» жүргізушісі блок бекетті айналып өту кезінде соңынан қуған полицияны қағып кетті, деп хабарлайды жергілікті «Мой город» басылымы.

Оқиға 6 мамырда сағат 14.00-де Желаево кенті маңындағы блок бекетте болды.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, Бәйтерек ауданының тұрғыны блок бекеттің шлагбаумын айналып өтер кезде полиция қызметкерінің талабына бағынбай, салдарынан тәртіп сақшысы зардап шекті.

«Газель» жүргізушісі полицейдің сол жақ табанын басып кеткен. Полиция қызметкері облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберілді», – деп мәлімдеді полицияның баспасөз қызметінен.

Тағы оқыңыз: «Тамақ ішуге ұяласың»: астаналық жігіт әскери жиынға неге барғанын айтты – видео

«Газель» жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы (көлік жүргiзушiнiң адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан жол жүру ережелерін бұзуы) бойынша хаттама толтырылды.

Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші мас болмаған.



sputniknews.kz