Тоқаев сенат депутатын тағайындады
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Мәулен Әшімбаев бұған дейін президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Мәулен Әшімбаев сенат депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты болып тағайындалды», — делінген жарлықта.
Тоқаевтың жарлығымен ол президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.
sputniknews.kz