Түркияда қаза тапқан қазақстандықтың денесін елге жеткізді – Қазақстан жаңалықтары

0
35

Түркияда қаза тапқан қазақстандық Олеси Суспицинаның денесін Қостанайға әкелді. 5 мамырда жерлеу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Олеся Суспицина

Олеся Суспицинаның құрбысы Ольга Кравчуктың айтуынша, марқұмның денесі 2 мамырда Алматыға жеткізілген. 3 мамырда Алматы – Нұр-Сұлтан рейсі ұйымдастырылып, содан кейін марқұмның денесі Қостанайға автокөлікпен жеткізген.

Төтенше жағдай режимі мен карантинге байланысты жерлеу рәсіміндегі адамдардың саны шектеулі болады.

«Жерлеудің өзі сейсенбіде, 5 мамырда, тек туыстары мен достарының қатысуымен өтеді. Біз көңіл айтуларды түсінеміз және  шын жүректен қабылдаймыз. Карантинді алып тастағаннан кейін қоштасуды және еске алу асына қатысуды қалайтындарға жерлеу орнына бару үшін автобустар ұйымдастырылатынын атап өткім келеді. Өкінішке қарай, қазір басқа амал жоқ», – деді Ольга Кравчук.

Сондай-ақ ол марқұмның денесін тасымалдауға қаражат бөлгендердің барлығына алғысын білдірді. Стамбул-Нұр-Сұлтан рейсі үшін қажетті 900 мың теңге жиналды.

Бұған дейін Түркияда отандасымыз селфи жасаймын деп құздан құлап, мерт болғаны туралы хабарланды.

stan.kz