ОСК Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтатты — Қазақстан жаңалықтары

0

Орталық сайлау комиссиясы Дариға Назарбаеваның парламенттік өкілеттігін тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«4 мамырда Ортсайлаукомның отырысы болып, онда парламент сенатының депутаты Д.Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы қаулы қабылданды», — делінген комиссияның сайтында.

«Назарбаева Д.Н.  Қазақстан Республикасы президентінің 2020 жылғы 2 мамырдағы № 315 жарлығы негізінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 5-тармағының, «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңының 24-бабының 5 және 9-тармақтарына сәйкес Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызының өкілеттігі тоқтатылды».
 

stan.kz