ОСК Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтатты

0
16

Саясат

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Депутаттық өкілеттікті тоқтату туралы шешім 4 мамырда орталық сайлау комиссиясының отырысында қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Орталық сайлау комиссиясының отырысы 4 мамырда өтті.

«Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды», – делінген комиссия сайтында.

Назарбаеваның өкілеттігі президенттің 2 мамырдағы жарлығы негізінде Конституцияның 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 24-бабы 5 және 9-тармақтарына сәйкес тоқтатылды.

Осы жылдың 2 мамырында президент Қасым-Жомарт Тоқаев сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатты.

Ол 2016 жылдың 13 қыркүйегінен бастап парламенттің жоғары палатасының депутаты болды. 2019 жылдың наурызынан 2020 жылдың мамырына дейін сенат төрағасы қызметін атқарды.

2015 жылдың қыркүйегінен 2016 жылдың қыркүйегіне дейін премьер-министрдің орынбасары, ал 2012-2015 жылдары мәжіліс депутаты, төменгі палатаның вице-спикері болды.



sputniknews.kz