2 ай бойы көрмеді: Шымкент тұрғыны карантин кезінде Өзбекстанда қалып қойған қыздарымен қайта қауышты — Қазақстан жаңалықтары
Шымкентте карантиннің кесірінен шакараның екі жағында қалып қойған анасы мен балалары қайта қауышты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
Шымкент тұрғыны Айнұр Базарова көктемдегі демалыс алдында үш қызын Ташкенттегі төркініне апарып тастаған. 16 наурызда шекара жабылып, әйел балаларына бара алмаған. 2 ай бойы қыздарын көре алмай жүрген ана ұлттық арнадан көмек сұраған екен.
Белгілі болғандай, қыздардың үлкені 17 жаста, ал кішісі 3 жасқа да толмаған. Ұлттық арна ұжымы Өзбекстандағы консульдыққа хабарласып, көмек сұраған екен.
«Қазақстан» арнасына рақметімді айтамын. Бүгін қыздарыммен қауышуыма себепкер болды. Консульдыққа да рақметімді айтамын», — деді Айнұр Базарова.
Қауіпсіздік шараларына байланысты анасы мен қыздары 14 күндік карантинге жіберіледі.
stan.kz