Түркістан облысында тағы бір коронавирус жұқтырған әйел босанды – Қазақстан жаңалықтары

0
28

Түркістан облысы Кентау қаласында коронавирус жұқтырған әйел босанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

сәби

Бұл туралы Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының мәлімдеді.

Босану уақыты жақындаған 22 жастағы жүкті әйел Кентау қалалық орталық аурухананың жұқпалы аурулар стационарына 27 сәуір күні жатқызылыпты. Оның денсаулығы толық тексеріліп, коронавирусты инфекцияның орташа дәрежедегі ауырлық жағдайы расталған. Науқаста дене қызуының көтерілуі мен екі жақты пневмония, жөтел белгілері болған. Гемотрансфузия жасалынып, емдеу шаралары жасалған.

Дәрігер-реаниматологтар, гинекологтар және акушер мамандар бірігіп, жүкті әйелді сәтті босандырды. Дүние салмағы 3400 гр ұл бала дүниеге келді.

«Анасы жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдауда. Барлық медициналық шара Кентау қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Гүлбану Сыздықованың тікелей басқаруымен жүргізілді. Ана мен бала өміріне араша түсіп, жанкешті ерлік танытқан дәрігер –гинеколог Гүлжан Дүкенбаева, акушер Гүлсанам Мажитова, реаниматолог Ысқақ Қанат пен дәрігер-инфекционист Мухтабар Шерметоваға науқастың туған-туыстары алғыстарын білдіруде», – делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда коронавирус жұқтырған әйел босанғаны туралы айтылған еді.

stan.kz