Қазақстандықтар қашаннан бастап көшеде спортпен айналыса алады — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстандықтарға 4 мамырдан бастап спорттық шаралар мен көшеде жаттығулар жасауға мүмкіндік беріледі.
Мұндай шешім бүгін Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында қабылданды.
Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
«Ағымдағы жылдың 4 мамырынан бастап спортпен шұғылдануға рұқсат етіледі», — делінген мемлекеттік комиссияның шешімінде.
stan.kz