Рейстердің қайта басталуы: балаларды тасымалдау шарттары анықталды – Қазақстан жаңалықтары

0
42

Көлік саласындағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов балаларды ұшақтарда тасымалдау шарттары туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сәдуақас Байғабылов түсіндіргендей, Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы рейстерді қалпына келтіру кезінде балалар, сонымен қатар ересектер де коронавирусқа қарсы теріс нәтиже туралы анықтамаға ие болуы керек.

«Әуе көлігін жолаушы ретінде пайдаланатын балаларда COVID-19 ауруы жоқтығы туралы анықтама және бетперде болуы керек», – деді көлік саласындағы бас санитарлық дәрігер онлайн-брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

«Кез-келген жастағы балалар үшін де, ересектерге де маска кию міндетті болып табылады. Қолымызға қолғап кию жайлы ешқандай талаптар жоқ», – деді ол.

stan.kz