Тоқаев төтенше жағдайды ұзарту туралы жарлыққа қол қойды — Қазақстан жаңалықтары
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайдың мерзімін ұзарту туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.
«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемін:
Қазақстан Республикасы президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдайды 2020 жылдың 11 мамырында 00:00-ге дейін ұзарту.
Қазақстан Республикасының үкіметі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірге осы жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Бұл жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді», — делінген жарлықта.
stan.kz