Тоқаев төтенше жағдай мерзімін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды – Қазақстан жаңалықтары

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайдың мерзімін ұзарту туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Тоқаев

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Қазақстан Республикасы президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай режимін 2020 жылдың 11 мамырында 00 сағат 00 минутқа дейін ұзарту.

Қазақстан Республикасының үкіметі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірге осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.Бұл Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді», – делінген жарлықта.

Бұған дейін президент елдегі төтенше жағдай режимін ұзартатынын айтқан болатын

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз