Коронавирустың асқынған түрінің негізгі белгісі айтылды — Қазақстан жаңалықтары
Ресейдің бас пульмонолог дәрігері Сергей Авдеев коронавирустың асқынған түрінің ең ауыр белгісін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы «Россия 1» арнасында айтылыпты.
Дәрігердің сөзінше, COVID-19 инфекциясының асқынған түріне шалдыққан адамдарда ең алғаш жөтел мен дене қызуы емес, демікпе пайда болады екен.
«Тыныс алудың қиындауы науқастың індеттің ауыр түріне шалдыққанын белгісі», — дейді ол.
Авдеев мұндай жағдайда бірден жедел жәрдем шақырту керектігін айтады.
Сырқатты асқындырып алмау үшін маман науқастарға аурудың белгілеріне аса мән берген жөн деп кеңес айтады. Сондай-ақ ол коронавирус жұқтырғандардың көбі ауруды жеңіл түрде өткеретінін жеткізді.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 3027 болды.
stan.kz