АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны бір милиионнан асты – Қазақстан жаңалықтары

0
16

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны бір миллионнан асты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

США коронавирус

Мұндай мәліметтер Джонс Хопкинс университетінің сайтында келтірілген.

Қазіргі таңда АҚШ-та 1 012 582 індетті жұқтырса, олардың 58 355-і аурудан ажал құшқан. Тағы 115 936 сырқаттан толығымен жазылып шығыпты.

Науқастардың саны жөнінен Испания (232 128 адам), Италия (201 505 адам), Франция (169 053 адам) және Ұлыбритания (162 350) алдыңғы орынға шығыпты.

Жалпы алғанда әлем бойынша коронавирусқа шалдыққандардың саны 3 116 398-ге жетті. Олардың 217 153-і көз жұмып, 928 658-і аурудан айыққан.

Қазақстанда індетке тап болғандардың саны 3027 болып отыр. 774 адам аурудан емделсе, 25-і көз жұмды.

stan.kz