Он алды адам коронавирус індетінен жазылып шықты
Елімізде коронавирус індетіне шалдыққандардың жалпы саны 2 564 адам болса, 25 науқас аталған ауру салдарынан көз жұмды
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Республика бойынша коронавирус індетінен емделіп шыққандардың саны 16 адамға жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Коронавирус жағдайы туралы ресми сайттың дерегіне сүйенсек, Нұр-Сұлтан қаласында – 1, Шымкент қаласында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Қызылорда облысында – 6 және Атырау облысы – 7 адам аурудан айығып шыққан.
Жалпы, Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 645:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 214
- Алматы қаласы – 90
- Шымкент қаласы – 23
- Ақмола облысы – 30
- Ақтөбе облысы – 10
- Алматы облысы – 9
- Атырау облысы – 42
- Шығыс Қазақстан облысы – 6
- Жамбыл облысы – 42
- Батыс Қазақстан облысы – 6
- Қарағанды облысы – 36
- Қостанай облысы – 3
- Қызылорда облысы – 79
- Маңғыстау облысы – 4
- Павлодар облысы – 2
- Солтүстік Қазақстан облысы – 25
- Түркістан облысы – 24.
sputniknews.kz