Ресейге 5 миллионға жуық масканы заңсыз өткізбек болған – ҰҚК

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Шекарашылар наурыз айынан бері медициналық жеке қорғаныс құралдарын заңсыз экспорттаудың 13 оқиғасын анықтаған

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекарашылары жарты миллиард теңгеге бағаланған медициналық маскалар мен қолғаптарды заңсыз тасымалдаудың жолын кесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ведомство таратқан мәліметке сүйенсек, контрабандалық тасымал Батыс Қазақстан облысында ұйымдастырылған.

«Шекара қызметі наурыз айынан бері Ресейге жеке қорғаныс құралдарын экспорттаудың 13 жағдайының алдын алды. Атап айтқанда, 4,5 миллион дана медициналық бетперде мен 3,9 миллион қолғап және 480 қорғаныс көзілдірігі тәркіленді. Олардың жалпы жиынтық сомасы 500 миллион теңгеден асады», – делінген баспасөз хабарламасында.

Ұйымдастырушылар шекарадан заңсыз өткізу үшін жеке қорғаныс құралдарын тұтыну тауарларының арасына жасырған.

Оқи отырыңыз: Елімізде 4 млн бетперде мен 13 мың литр антисептик тәркіленді

Айта кетейік, Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері Қазақстаннан жеке қорғаныс заттарын заңсыз шығарудың жолын кесу мақсатында өткізу пункттерінде бақылау күшейтілген.



sputniknews.kz