Алматыда полиция көлігінің қатысуымен жол апаты болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ғаламторда Алматы қаласында полиция көлігінің қатысуымен болған жол апаты түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

ЖКО

Кадрдан полиция көлігінің  бағанға соқтығысып, жолдың жиегінде тұрғанын көруге болады. Қызметтік автокөлік айтарлықтай зақымданған.  Оның жанында жолдың ортасында тағы бір оқиғаға қатысушы болуы мүмкін — Toyota маркалы жеңіл көлік те бар. Бұл көлік те зақымданған.

Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 25 сәуір күні сағат 13:00-де Түрксіб ауданында болған.

«1986 жылы туған Toyota жүргізушісі Клара Цеткин көшесінің бойымен солтүстік бағытта жүрген. Бекмаханов көшесінің қиылысында ол «жол бер» белгісін елемей, басты жолға қарай бет алған. Сол кезде полиция көлігі Бекмахановтың шығыс бетімен келе жатқан. Toyota жүргізушісі қызметтік полиция автокөлігімен соқтығысқан», — деді ПД баспасөз қызметінде.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан, ведомствоның мәліметінше, апат кезінде қызметтік көлікте болған үш полицей зардап шекті. Олардың барлығы дене жарақаттарын алды: жабық бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы және соғылуы.

Барлық жағдайды анықтаумен Түрксіб аудандық полиция басқармасы айналысады.

 

stan.kz