Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 66 адам тіркелді
Қазақстанның он екі өңірінде коронавирус жұқтырғандар көбейді. Науқастардың жалпы саны 2482 адамға жетті
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 66 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлады коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.
Оқи отырыңыз: Назарбаев коронавирус пандемиясынан кейін не болатынын айтты
«Жамбыл облысында — 2, Түркістан облысында — 8, Атырау облысында — 10, Қостанай облысында — 1, Павлодар облысында — 12, Нұр-Сұлтан қаласында — 8, Батыс Қазақстан облысында — 2, Шымкент қаласында — 5, Қызылорда облысында — 6, Қарағанды облысында — 3, Маңғыстау облысында — 5, Алматы қаласында – 4 науқас тіркелді», — делінген хабарламада.
Осылайша Қазақстан коронавирус жұқтырғандардың саны 2482 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 454,
- Алматы қаласында – 791,
- Шымкент қаласында – 146,
- Ақмола облысында – 88,
- Ақтөбе облысында – 55,
- Алматы облысында – 73,
- Атырау облысында – 98,
- Шығыс Қазақстан облысында – 16,
- Жамбыл облысында – 103,
- Батыс Қазақстан облысында – 102,
- Қарағанды облысында – 111,
- Қостанай облысында – 39,
- Қызылорда облысында – 170,
- Маңғыстау облысында – 25,
- Павлодар облысында – 88,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 30,
- Түркістан облысында – 93.
Соңғы мәлімет бойынша, індеттен 604 адам жазылып шығып, 25 адам қайтыс болды.
sputniknews.kz