Өз еркімен шешті: Луина күйеуінің ислам дінін қалай қабылдағанын айтып берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Бүгін әнші Луина өзінің инста-парақшасына Рамазан айымен құттықтап, фото жүктеді. Неке қиылған кезде түскен сурет соң әншінің жолдасы туралы сұрақтар толып кетті.

Мән-жайды анықтау үшін тілшіміз Луинадан сұхбат алды. 

— Луина, Рамазан құтты болсын. Бүгін әдемі сурет салдыңыз. Неке қиған сәттегі естелік фотодан кейін көп оқырмандар сіздің жолдасыңыздың діні мен ұлты туралы сұрақтар қоюда. Өзіңіз нақтылап жауап бере аласыз ба? 

— Жолдасымның ұлты — орыс. Діні — ислам. Мұсылман дінін жас кезінде қабылдаған. Ешкімнің ықпалынсыз, ешкімнің итермелеуінсіз өзі сондай шешім қабылдаған. Негізі жолдасым шешімді өзі қабылдайды. Өзінің нақты пікірі бар азамат. Маған бұл мінезі ұнайды. Бұл тақырыпта күйеуіммен сөйлескенде:»жаныма жақын болғандықтан қабылдадым»деді. Яғни, күйеуім ислам дінін маған жағыну үшін қабылдаған жоқ. Тіпті, ол мұсылман болмаса да мен оған тұрмысқа шығудан бас тартпайтын едім. Адамды ұлты мен дініне қарап бөлу дұрыс емес. 

— Ал, сіздер Ораза ұстадыңыздар ма?

Жоқ, біз Ораза ұстамаймыз. Жеке өзім мектеп кезімде ұстап көрдім. Бірақ, көпке шыдамадым. Болашақта Ораза ұстаймын деген ниетім бар.Ал, дәл қазір жүктілікке байланысты маған болмайды.

— Жүктілік айы қалай өтуде?

— Жүктілігім керемет өтуде. Кеше ғана дәрігерге барып, тексеріліп келдім. Баламның да, өзімнің де денсаулығым өте керемет. Аман-есен қолымызға алатын күнді күтудеміз.

— Қазір босанатын кезде серіктес ретінде күйеуі де бірге кіреді. Мұндай тәсілді қолдайсыз ба?

— Кейде мен де күйеуім серіктес болса керемет қой деп ойлаймын. Бірақ, нақты бұл дұрыс немесе бұрыс екеніне күмәнім бар. Ал, жолдасым үзілді-кесілді қарсы. Әркімнің өзінің таңдауы мен шешімі бар ғой. Біздің жағдайымызда жолдасым сыртта күтіп, алғаш болып сәбиді қолына алатын шығар деп ойлаймын.

— Жүктіліктің оңай өтуі үшін қандай жаттығулар жасап, дайындалудасыз?

— Егер карантин болмағанда мен йогамен айналысып, фитнес-залдарға баратын едім. Алайда, тек бізбің елде  емес,күллі әлемде осындай жағдай. Сондықтан, сабырлық танытып,үйден жаттығулар жасауға тырысудамын. Бүгін ғана youtube ашып, жүкті әйелдерге арналған жаттығуларды қарадым. Енді соларға кірісемін.

— Карантиннің сізге әкелген жамандығы мен жақсылығы қандай?

— Бәрі айтып жүргендей, көп уақытты жақындарымызға арнаудамыз. Негізі жолдасым екеуміз карантинсіз де үнемі бірге жүреміз. Қазір енді көп уақытымызды үйдегі иттерімізге бөліп жүрміз. Олар да басында түсінбей,қазір үйреніп алған сияқты. Ал, зияны әрине, денсаулығымызға алаңдаймыз. Үнемі қолымызды жуып, сақтық шараларын қолдануға тырысып жүрміз. Және біздің еркіндігімізге шектеулер болып қалды. Кейде жолдасым екеуміз егер карантин болмаса қайда барар едік,не істер едік деген сияқты мәселелерді талқылап қоямыз. Карантин біткен соң барлық адамдар үлкен шабытпен жаңа өмірге қадам басатын сияқты.

— Карантин кезінде гив өткіземін деп Кәмшат Жолдыбаеваның басы дауда қолды. Әріптесіңіз алаяқ ұйымдастырушыларға тап болған екен. Сіздер алаяқтардан қалай сақтану керектігін білесіз бе?

— Мен Камшат туралы естімедім. Аллаға шүкір бізге алаяқ ұйымдастырушылар кездеспеді. Әрине, әртүрлі ұйымдастырушылар болады. Кейде конкурс басталып кеткен соң бір түсініксіз әрекеттері мен былықтары байқалады. Бұл кезде біздің мақсатымыз өз уәдемізді орындап, оқырман жиналуына көмектесуге. Әрине, бізде гив бастайтын кезде үлкен тәуекелге барамыз. Сондықтан, ұйымдастырушыларды мұқият зерттеп барып,келісімге келеміз.

 

stan.kz