Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 2 207 адамға жетті
Қазақстанның жеті өңірінде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар тіркелді. Науқастардың жалпы саны 2207 адам болды
АЛМАТЫ, 23 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 16 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
«Павлодар облысында – 7, Қызылорда облысында – 1, Алматы облысында – 3, Нұр-Сұлтан қаласында – 1, Шымкент қаласында – 2, Түркістан облысында – 1, Алматы қаласында бір адамнан коронавирус табылды», — делінген ақпаратта.
Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды
Осылайша, 23 сәуір сағат 12:20-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Қазақстанда науқастардың саны 2207 адамға жетті.
- Нұр-Сұлтан қаласы – 422,
- Алматы қаласы – 736,
- Шымкент қаласы – 133,
- Ақмола облысы – 83,
- Ақтөбе облысы – 34,
- Алматы облысы – 65,
- Атырау облысы – 82,
- Шығыс Қазақстан облысы – 15,
- Жамбыл облысы – 79,
- Батыс Қазақстан облысы – 86,
- Қарағанды облысы – 102,
- Қостанай облысы – 36,
- Қызылорда облысы – 158,
- Маңғыстау облысы – 19,
- Павлодар облысы – 50,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30,
- Түркістан облысы – 77.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, індеттен 20 науқас көз жұмды, 515 адам жазылып шықты.
sputniknews.kz