Tengri Bank салымшылары ақшасын ала алмай жүр: Банк дефолт жағдайында ма, сарапшы не дейді — Қазақстан жаңалықтары
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мамандары Tengri Bank-те жоспардан тыс тексеруді бастады. Салымшылар бір аптадан бері шоттарынан ақша ала алмай отыр. Ал Moody’s халықаралық рейтингтік агенттігі банк рейтингін орташадан төменге дейін төмендетті. Бұл банк дефолтқа жақын екенін білдіреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Тенгри банктің ондаған салымысы өз ақшаларын не ала алмайды не аудара алмайды. Ал қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Тенгри банкте жоспардан тыс аудит жүргізетінін мәлімдеді. Қаржылық тұрақтылықты қолдау бойынша міндеттемелер банк акционерлеріне жүктелген.
«Агенттік банктің ірі акционері болып табылатын Punjab National Bank-ке осыжылдың 30 сәуіріне дейін Тенгри банкті капиталдандыру туралы тиісті талаптарды жіберді. Талапқа сәйкес, ірі қатысушыға төлемдерді үздіксіз орындау және клиенттердің ақша қаражатын аударуды жүзеге асыру үшін пруденциалдық нормативтерді сақтау үшін жеткілікті көлемде капиталдандыруды қамтамасыз ету қажет», — делінген агенттік хабарламасында.
Агенттік, сонымен қатар, Tengri Bank депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы екенін, сондықтан жеке тұлғалардың теңгедегі және шетел валютасындағы салымдарын, карталардағы және банктік шоттарындағы ақшаларын Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры қорғайтынын атап өтті. Дегенмен, салымшылар прокуратура мен президенттен көмек сұрайды.
«»Біз барлық шоттарға, барлық мүлікке, банк басшылығы мен банк акционерлерінің компаниялардағы барлық үлестеріне тыйым салуды талап етеміз. Біз бұл әділетті деп санаймыз. Олар бізді отбасымызды асырау мүмкіндігінен айырды. Сол секілді, олар да өз ақшаларын да тәуекел етсін, ең болмағанда, бәрі анықталғанға дейін», — деді Роман Миразимов.
Қаржы институтының сайтында акциялардың көп бөлігі Үндістанның мемлекеттік банкі — Punjab National Bank-ке тиесілі екені көрсетілген, ол акциялардың шамамен 42%-на иелік етеді, ал қазақстандық акционерлерде — 58%. Еgov.kz мәліметтері бойынша банктің құрылтайшылары — алтау, бірақ төртеуі ғана көрсетілген. Олар — Punjab National Bank, Әлфия Қуанышова, Ринат Рахымов, Мырзатай Ыдырысов. Басшылық пен директорлар кеңесінің құрамына қазақстандық және үнді мамандары кіреді.
Tengri Bank депозиттеріне Moody’s сарапшылары өте жоғары тәуекелі бар рейтинг берді. Олар акционер банкке қолдау көрсетіп, өтімділікті арттыруы керек деп санайды, әйтпесе қаржы институтына өз қызметін жалғастыру қиын болады. Ұлттық Банктің статистикасы бойынша Тенгри банкте жеке тұлғалардың 27 млрд теңгеден астам қаражаты бар, ал заңды тұлғалардың шоттарында шамамен 37 млрд теңге.
Ал банк өкілдері жағдайға қатысты әзірге ақпарат күтіп отырғанын және басқарма төрағасы дүйсенбі күні үндеу жолдайтынын айтты.
Тенгри банкке қатысты сарапшы да өз пікірін айтты.
«Олардың қиындықтары бұрыннан болды. Бұл оқиға үш банк бірігуге тырысқан кезден бастап әлі де жалғасып келеді, бұл — Тенгри банк, Аsiacredit, Капитал банк. Олар жай ғана бірігіп жатқан жоқ, себебі барлық үш банкте күрделі проблемалар бар. Бірақ қазір біз тек Тенгри банк туралы естіп жүрміз, олардың салымшыларынан қарызы бар, қайтарылмайтын кредиттерінің өте жоғары үлесі бар. Тиісінше, бұл банктердің қаржылық жағдайы нашарлауына әкеп соқты», — деп есептейді қаржы сарапшысы Арман Бесенбаев.
«Мемлекет екінші деңгейдегі банктерді бірнеше рет құтқарды және бүгінгі күні күрделі экономикалық жағдайды ескере отырып, Ұлттық банк осы қаржы институтын сақтап қалу үшін қандай да бір шаралар қолдана ма» ,- деген сұраққа сарапшы келесідей жауап берді.
«Ұлттық банк осы мәселе бойынша сигнал берді. Тенгри банкте, егер ол қаласа, банктерді капиталдандыруы мүмкін, жалпы алғанда оны сақтап қалуға болатын үлкен акционері бар екенін айтты. Қандай да бір мағынада, бұл Ұлттық банктің белгілі бір ұстанымы деп санауға болады, өйткені олар Тенгри банкті сақтап қалғысы келмейді», — деді ол.
Сонымен қатар, Арман Бесенбаев банк салымшыларына қатысты пікірін айтты.
«Банкте ақшаларын депозитте ұстаған салымшылар ешнәрсе қауіп төндірмейді, себебі банк, ең алдымен, депозиттерге кепілдік беру қорының қатысушысы болып табылады, онда салымшыларға ешқандай қауіп жоқ. Осы депозиттерді кейіннен қайтаратын банк-агент тағайындалады. Ал кімде-кім ақшасын ағымдағы шоттарда немесе карточкаларда сақтаған болса, иә, әрине, оларда үлкен проблемалар бар, өйткені бұл олардың ағымдағы өтімділігі, олар айырылуы мүмкін. Егер банк капиталдандыру, қаржыландыру көзін таппаса, онда бұл адамдар ештеңе алмайды. Бірақ болашақта агент-банк тағайындалғаннан кейін, мүмкін,олар ақшаларын қайтара алады, бірақ бұл оқиға депазиттерге ақша салғандардан гөрі біршама ұзаққа созылады», — деді сарапшы.
stan.kz