Қазақстанда тағы 56 адамнан коронавирус табылды

0

Бүгін таңертең тағы елу алты адам тіркелді, елде қауіпті вирус жұқтырғандар саны 2191 адамға жетіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Республикада індетке шалдыққандар саны 56 адамға көбейді, деп хабарлайды мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«23 сəуір сағат 09:50-дегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 56 адам тіркелді», – делінген хабарламада.

Соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 17, Алматы қаласында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 10, Жамбыл облысында – 2, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Түркістан облысында – 7, Маңғыстау облысында – 1, Қостанай облысында – 1, Ақтөбе облысында – 7, Павлодар облысында – 5 адам.

Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны  2191 адамға жетті. 515 адам жазылып шықты, он тоғызы қайтыс болды.

  • Алматы – 735,
  • Нұр-Сұлтан – 421,
  • Қызылорда облысы – 157,
  • Шымкент  – 131,
  • Қарағанды облысы – 102,
  • Батыс Қазақстан облысы – 86,
  • Ақмола облысы – 83,
  • Атырау облысы – 82,
  • Жамбыл облысы – 79,
  • Түркістан облысы – 76,
  • Алматы облысы – 62,
  • Павлодар облысы – 43,
  • Қостанай облысы – 36,
  • Ақтөбе облысы – 34,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30,
  • Маңғыстау облысы – 19,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 15.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз