Коронавирустан жазылғандардың саны 428 адамға жетті
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 757 адам анықталды. Індет салдарынан 19 науқас көз жұмды
АЛМАТЫ, 20 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 11 адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
«Алматы қаласында – 4, Ақтөбе облысында – 2, Түркістан облысында – 2, Алматы облысында – 1, Қостанай облысында – 1, Қарағанды облысында бір адам коронавирустан жазылды», — делінген ақпаратта.
Осылайша 20 сәуір сағат 15:30-дағы жағдай бойынша, елімізде коронавирустан жазылғандар саны 428 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 180,
- Алматы қаласы – 88,
- СҚО – 25,
- Ақтөбе облысы – 9,
- Жамбыл облысы – 6,
- Павлодар облысы – 1,
- Алматы облысы – 9,
- Қарағанды облысы – 13,
- Шымкент қаласы – 11,
- Атырау облысы – 21,
- Батыс Қазақстан облысы – 2,
- Маңғыстау облысы – 2,
- Ақмола облысы – 18,
- Қызылорда облысы – 25,
- Түркістан облысы – 13,
- Шығыс Қазақстан облысы – 3,
- Қостанай облысында 1 адам жазылды.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 757 адам анықталды.
Солтүстік Қазақстан облысында карантин режимі күшейтіледі
Індет салдарынан көз жұмғандардың саны 19-ға жетті: Нұр-Сұлтан қаласы – 2, Алматы қаласы – 5, Шымкент қаласы – 3, Ақмола облысы – 4, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қарағанды облысы – 1, Қостанай облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Түркістан облысы – 1.
sputniknews.kz