«Менің аузымды жаптырғысы келеді»: Кәсіпкер Марғұлан Сейсембай өзін аңдып жүргенін айтты – Қазақстан жаңалықтары

0
7

Қазақстандық кәсіпкер Марғұлан Сейсембай өзін әлдекімдердің аңдып жүргенін айтты. Кәсіпкер көпшілікке ағынан жарыла еш қылмыс жасамағанын мәлімдеді.

Яхта, ұшақ, 3 тікұшақ: Марғұлан Сейсембай олигархтың өмірі қанша тұратынын айтты

«Достар, мені соңымнан аңдып жүргенге ұқсайды. Соңғы күндері Алель Агро қызметкерлерінің мазасын алуда. Кеше түнде Алель Агро жетекшілерін ұстады. Банкте құжатарын алып, үйін тінтіді.  Осы жағдайды пайдаланып, ешқандай қылмыс жасамағанымды айтайын деп едім. Ешбір бизнесте мен жетекшілік етіп, еш жерге қол қойған емеспін. Қазір олар алаяқтық және Алель Агро субсидиясын алған жағдайда ұрлық ісі бойынша қылмыстық іс қозғап жатыр. Алель Агро айыпты инвестициялық субсидиялар алған емес. Мен бұл субсидияларды бөлуге, алуға еш қатысқан емеспін. Сондықтан бұл нағыз саяси нәрсе немесе менің аузымды жапқызғысы келеді. Менің айналамда 30-40 адам жүр. Олар комитеттің адамдары деп ойлаймын», – деді Марғұлан Сейсембай желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары сәттілік тілеп, қолдау білдірді.

«Бұл сұмдық қашан тоқтайды?», «Бұл жерде бір шикілік бар», «БІз сізбен біргеміз. Әрқашан қолдаймыз, сәттілік болсын», – деп жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Арман Шораевты «төтенше жағдай кезінде жалған ақпаратты тарату» бабы бойынша қамалған еді. Белгілі журналист және қоғам қайраткері Арман Шораевты жеке мойындауы бойынша босатты.



stan.kz