Коронавирус індетінен Ресейде жүрген ер азамат көз жұмды — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанның коронавирус жұқтырған азаматы Ресейдің Пенза қаласында аурудан көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қала губернаторының баспасөз хатшысы Дина Черемушкина мәлім етті.
«43 жастағы ер азамат көз жұмды. Оның семіздікке және қант диабетіне шалдыққаны анықталған», — делінген ресми хабарламада.
Жалпы алғанда Пенза қаласында коронавирус жұқтырған 140 адам тіркелген. Оның бесеуі аурудан айықса, тағы бесеуі кеселден көз жұмған.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда коронавирустан екі адам көз жұмғаны айтылған болатын.
stan.kz