Тоқаев елдегі карантинге қатысты жазба жариялады

0
12

Президент дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесінде елде COVID-19 жұқтырғандар саны күрт өсіп кетпегенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардан карантинді сақтауды сұрады.

«Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны көбеюде, бірақ геометриялық прогрессиямен емес. Бұл дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесі екені анық. Бірақ, індет шарықтау шегіне жеткен жоқ», – деді ол өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы кімдердің қауіпсіздігіне аса мән беру керек екенін атап өтті.

«Азаматтарымыздан карантинді сақтауды сұраймын. Дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметшілерге, волонтерлерге алғыс айтамын. Олардың қауіпсіздігіне баса мән беру қажет»,- деп жазды президент.



sputniknews.kz