Елордадағы «Абу-Даби Плазада» жұмыс тоқтады: Бір қызметкерден коронавирус табылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтанда екі кәсіпорнында қызметкерлердің коронавирус жұқтырғаны анықталды, осыған байланысты мекемелерде мұқият дезинфекция жүргізіледі,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Абу Даби плаза

«Астана Энергия» АҚ қызметкері мен «Абу-Даби Плаза» қызметкерінде коронавирус расталды», — деді қала әкімдігінде.

Белгілі болғандай, «Абу-Даби Плазаның» коронавирус жұқтырған қызметкері жарты айдан астам уақыт жұмыста болмаған, сондықтан да әріптестерімен байланыспаған. Жақын қарым-қатынас шеңберінде болған екі адам (ұйым қызметкерлері емес) анықталды. Олардың бірі стационарда, екіншісі — үй карантинінде.

Дегенмен, қызметкердің әріптестерімен байланысқа түспегеніне және жұмыс орнында болмағанына қарамастан, жұмысты уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ аумақты дезинфекциялау жүргізілді. Жақын арада жұмыс қайта басталады.

Айта кетейік, «Астана Энергия» АҚ-да әскери қызметшілермен бірге аумақ пен үй-жайларға дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Жақын байланыста болған 11 адам (тоғызы — қызметкер) — үй карантинінде. Науқастың өзі ауруханада, дәрігерлердің бақылауында. Бұл ретте кәсіпорынның жұмысы қауіп-қатердің жоқтығына байланысты жалғасып жатыр.

 

stan.kz