«130 адаммен байланысқан»: Алматы облысында соңғы анықталған коронавирус жұқтырғандар туралы не белгілі — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысында COVID-19 жұқтырудың екі оқиғасы тіркелді. Екеуі де — Жамбыл ауданының тұрғындары, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

«Біріншісі – 1997 жылы туған азамат, дәрігерге жүгінгенде өкпесінің қабынуы анықталып, соған байланысты КВИ-ге вирусологиялық анализ алынған, қорытындысы оның сырқат екенін көрсеткен», — делінген Алматы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Ал екіншісі — 1975 жылы туған әйел адам, наурыздың 1-7 аралығында Ташкентте, 18 наурызда Алматы қаласында болған.

«13 наурызда инфекционист дәрігерге құрғақ жөтел, дәм және иіс сезуінің бұзылуына шағымданған және ол мұрны біткеніне байланысты 6 сәуірден өз бетінше антибиотик қабылдағанын айтқан. Дәрігерлердің қарауынан кейін провизорлық бөлімге жатқызылып, КВИ-ға вирусологиялық анализ алынды, қорытындысы оның коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті», — деді ведомствода.

Екі науқас та Қарасай ауданының орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне орналастырылды.

Коронавирус жұқтырған екі адам жалпы саны 130 адаммен байланыста болған, олардың барлығы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылындағы аурухананың провизорлық бөліміне жатқызылды. Сондай-ақ, әрқайсысынан вирусологиялық анализ алынды.

stan.kz