Билл Гейтс: «Коронавирусқа қарсы вакцинаны бір жарым жылда жасауға болады» — Қазақстан жаңалықтары
Америкалық миллиардер және филантроп Билл Гейтс BBC-ге берген сұхбатында коронавирусқа қарсы вакцина бір жарым жылдан кейін дайын болуы мүмкін екенін айтты, алайда жаппай өндіріс үшін әдеттегі қауіпсіздік шараларын жұмсартуға мәжбүр болуы мүмкін деді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Бізге ымыраға келу қажет, — деді Гейтс, — бізде әдеттегі жағдайларға қарағанда қауіпсіздік тексерісі аз болады. Сонымен қатар, үкімет компанияларды жауапкершіліктен босатып, «алға, іске кірісіңдер!» деп айта ала ма деген сұрақ туындайды. Бізде қалыптасқан ережелер бойынша бәрін жасауға уақыт жоқ».
Наурыздың ортасында ВВС-дің медициналық корреспонденті Джеймс Галлахер ғалымдар COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірнеше нұсқаларын әзірлеп, қазір оларды жануарларға сынап жатқандығын хабарлады. Егер сынақ сәтті өтсе, келесі қадам — адамдарға сынақ жасау — бұл процесс осы жылдың басында басталуы мүмкін.
Ғалымдардың жұмысын әлемде коронавирустың бірнеше түрлерінің болуы қиындатады.
Сонымен бірге, коронавирусты зерттеу бағытындағы жетекші британдық ғалым, Wellcome Trust өкілі Джереми Фаррар ВВС-ге берген сұхбатында вакцинаны жасау барысында COVID-19-дан айыққан кейбір адамдардың қайталама сынақтарында вирустың болуы жұмысты қиындатады деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, мұндай жағдай Оңтүстік Кореядағы 100-ге жуық науқаста болған, ғалымдар вирус қанда белсенді болып қала ма, әлде бұл адамдар оны қайтадан жұқтырды ма деген сұраққа жауап таппай дал болуда.
Майкрософт компаниясының негізін салушысының қайырымдылық қоры COVID-19-ға қарсы вакцинасын жасауды қаржыландыратындардың қатарында. Гейтстің айтуынша, тек вакцина ғана COVID-19 пандемиясына дейінгі өмір салтына оралуға көмектеседі.
Жаһандық пандемия туралы бірнеше жыл бұрын алдын-ала ескерткен Билл Гейтс жаңа вакцинаны әзірлеуге қаражат жеткіліксіз бөлінгенін айтты, дегенмен жаңа коронавируспен күрес соғысқа теңеледі.
«Менде, медициналық сарапшыларда пандемия адамзат бастан кешіретін ең үлкен апат болуы мүмкін деп айтқан кез болған», — деді Гейтс BBC-ге берген сұхбатында. «Мен 2015 жылы Жаңа Англияда осы қауіп туралы айтып, көпшілік алдына шыққанмын. Сондықтан, біз өткенге көз жүгіртіп, қажетті дәрі-дәрмектерге, вакциналар мен жабдықтарға қысқа уақытта ие болу үшін жеткілікті қаражат жұмсамағанымызға өкінеміз».
«Біз эпидемиядан қорғанысқа жеткіліксіз қаражат жұмсадық. Иә, біз жаңа вакциналарды жасауға көмектесетін және эпидемияға дайындықты дамыту жөніндегі коалицияны құрдық. Бірақ бұл біз жасай алатын жұмыстардың тек 5% ғана», — дейді Гейтс.
«Уақыт өте келе біз мұның бәріне қарап, аз елдердің ғана «өте жақсы» деген бағаға ие болатынына көз жеткіземіз, өйткені көпшілігі болып жатқан жағдайға біз бұған дайын болмадық, деп реакция жасауға тырысады», — деді компанияның негізін қалаушы. «Ешкім бұған дайын болған жоқ, бұндай жағдай болуы мүмкін деп ойлаған да жоқ. Нәтижесінде біз денсаулық сақтау және экономикалық саясат тұрғысынан өзімізге бейтаныс аумаққа жеттік».
Наурыздың ортасында АҚШ-та коронавирусқа қарсы алғашқы вакциналар сынақтары басталды деп хабарланды. Вакцинаның жасалуын АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институты қаржыландырады.
Сонымен бірге, сарапшылар бұл сынақтар сәтті болса да, вакцина көпшілікке қол жетімді болғанға дейін тағы жарты жыл өтуі мүмкін деп болжады.
stan.kz