«АЗИЯ АВТО» ЖАҢА ШЫНАЙЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНДА  — Қазақстан жаңалықтары

0

Отандық автоөндірістің жұмысшылары девальвация мен пандемия кезеңінен қалай өтуде?

Азия авто

Валюта бағамдарының ауытқуымен және таралған COVID-19 пандемиясымен байланысты әлемдік экономиканың тұрақсыздығы әртүрлі салалардағы кәсіпорындарға келеңсіз әсер етеді. Әлемдік автоөндірістің ажырамас бөлігі болып табылатын, Қазақстанның автоөндірісі қандай жағдайда? Бүгін Қазақстанның алғашқы автоқұрастыру зауытының және зауыттықтардың жағдайлары қалай?, ол туралы «АЗИЯ АВТО» АҚ бас директоры Ерік Сағымбаев әңгімеледі.   

Азия авто

Ерік Сағымбаев

 

— Ерік Ерлесұлы, ағымдағы жағдай зауыттың жұмысына қалай әсер етті?

— Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанын зауыт өндірістің және сатудың жоғары көрсеткіштерімен өткізді. Өсіп келе жатқан өндіріс көлемдерінің көрсеткіштері бізге 70 жаңа жұмыс орынын құруға мүмкіндік берді, ол өсу 10%-дан астам.  

Бүгінгі реалийлер әрі қарай өсуге қатысты оптимизмді сөзсіз төмендетті, алайда көптеген автоөндірушілерге қарағанда біздің зауыт өз қызметін жүзеге асыруды жалғастыруда. Біз өзіміздің барлық қызметкерлерімізді жұмыспен қамтамасыз ете отырып, бір де бір жұмыс орынын қысқартқан жоқпыз. Онымен бірге төтенше жағдайда қарастырылған талаптарға сәйкес жұмысшылардың қауіпсіздігін сөзсіз қамтамасыз етіп отырмыз.

— Сіздердің компаниялар тобы үнемі жоғары әлеуметтік жауапкершілікпен көзге түскен, әрқашан елімізде болатын күрделі жағдайларға алғашқылардың қатарында үлес қосады…

Ол солай және бұл жолы да біз қалыс қалмаймыз, одан басқа біздің еліміздегі коронавирус инфекциясымен күреске белсенді қатысамыз. Компаниялар тобы Қазақстанның қалаларындағы жедел штабтар мен ерікті көмекшілер топтарының пайдалануына 80 автомобиль берді. Біздің Тобымыздың 200-ден астам қызметкері ерікті көмекшілер штабтарының жұмысына үнемі қатыстырылып отыр. Сонымен бірге көліктерді ұстауға арналған барлық шығындар мен қызметкерлердің жалақыларын компания төлейді.  

Бұдан басқа, біз ауруханаларды медициналық қорғаныс маскаларымен қамтамасыз етуге көмектесеміз, маскаларды өндіруді біздің топ игерді. 

Біз үшін бұл хайп та челлендж де емес, ол біздің өмірлік позициямыз, оны біз ешкімге күштеп таңбаймыз, бірақ өзіміз қатаң ұстанамыз. 

Азия авто

Жедел штабтар мен ерікті көмекшілер топтарын қолдауға автомобильдер 

— Бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жақсы үлгілері, оларды сіздердің басқа әріптестеріңіз де қолдауға тұрарлық ақиқат дерлік. Зауыттың жұмысшыларына арналған жалақы мен әлеуметтік пакеттерге қатысты қандай жағдай болып жатыр? Девальвация аясында қандай да бір өзгерістер болды ма? 

— Біздің компаниямызда кәсіпорынның тиімділігі мен қызметкерлердің жалақысының көрсеткіштерінің арасында тікелей байланыс бар.           «АЗИЯ АВТО» ұзақ уақыт бойы өнімділік бойынша машинажасау саласында көшбасшы болып табылады және ол бәрінен бұрын зауыт ұжымының сіңірген еңбегі. 

Өткен 2019 жылы біздің қосылған құн салығы бойынша өнімділік көрсеткіштеріміз адам басына шаққанда айтарлықтай 46,5 млн.теңгеге дейін өсті. Ол компанияға ақпанда жалақыны 20% индекстеу жүргізуге мүмкіндік берді. Айта кетсек, жалақыны индекстеу наурыздағы мұнай бағасының құлдырауына дейін жүргізілген болатын, сондықтан біздің жұмысшыларымыз ұлттық валюта бағамының төмендеуінен жеткілікті қорғалған болып отыр. 

Жоғары жалақыдан басқа, «АЗИЯ АВТО» қызметкерлері қомақты корпоративтік пакет те алады, ол наурызда қосымша кеңейтілген. Машина жасау саласында жаңа Салалық келісім жасау ұжымдық шартты өзгерту үшін жақсы себеп болды, Өскемен зауыты келісімнің белсенді қатысушысы болды. Ұжымдық шартты өзгерту әлеуметтік пакет пен әлеуметтік кепілдіктерді кеңейтуге бағытталды, сонымен бірге шарттың алдыңғы баптарының бір де біреуі жойылған жоқ. 

Азия авто

 «АЗИЯ АВТО» Қазақстанның алғашқы автоқұрастыру зауыты

— Қорытындылай келе, компания қызметкерлерінің ағымдағы тұрақтылығы мен қорғалғандығы туралы айтуға бола ма? 

— Оны сенімділікпен растаймын. Компанияның қаржылық тұрақтылығы, нарықтағы көшбасшылығы мен біздің позицияларымыздың тұрақты күшейтілуі оның кепілдігі. 

Бүгінгі күні әлемдік және ұлттық экономика кездесіп отырған барлық қиындықтарға қарамастан, Өскеменнің «АЗИЯ АВТО» зауыты серіктестер мен ұжым алдында өзінің міндеттемелерін орындауды жалғастыруда. Күрделі экономикалық жағдай кезеңдерінде өз қызметкерлеріне қарым-қатынас компанияның табысы мен тұрақтылығының кепілдігі болып табылады. Бүгін біз біздің жұмысшыларымыз өздерін және өздерінің отбасыларының сыртқы жағдайлардан қорғалғанын сезінуі үшін барлық жағдайды жасаудамыз. 

stan.kz